«Мирас» мәдениет сарайында сахна мен құрал-жабдықтарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Бишілерге арналған мінсіз еден, жаңа механика мен заманауи жарық жүйесі. «Мирас» мәдениет сарайында сахна мен құрал-жабдықтарды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жаңғырту жұмыстарына жарты миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Мәдениет ошағында не өзгерді және бұл өнер көрсетушілердің жұмысына қалай әсер етпек?



