Миллиондаған айыппұл төлеуге дайын. Қостанайда ірі көлемде пара алу ісі бойынша сот процессі жүруде
Миллиондаған айыппұл төлеуге дайын. Қостанайда ірі көлемде пара алу ісі бойынша сот процессі жүруде. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері қостанайлық кәсіпкерден заңсыз сыйақы талап еткені көпшілікке мәлім болған еді. Қазір іс бойынша айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, тергеу ісі мен ынтымақтастық орнатқан. Бұдан бөлек, қорғаушы тарап егер кінәлілер бастандықта болса, қоғамға пайдасы молырақ болатынын айтып отыр. Алайда, мемлекеттік айыптаушы екі сотталушыны да бас бостандығынан айыруды талап етуде. Сот ісінің жай-жапсарын әріптесім баяндайды.