Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту туралы заңға қол қойды
Енді дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне күш қолданғандар айыбын темір тордың ар жағында өтейді. Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту туралы заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қылмыстық кодексте жедел жәрдем мен медицина қызметкерлеріне қатысты жаңа бап енгізілді. Мәселен, енді дәрігерлерді соққыға жыққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.



