Мектептер балалардың қауіпсіздігін тексеруден өткізілуде
Жаңа оқу жылы басталар алдында Қостанай облысындағы мектептердің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын арнайы комиссиялар тексерді. Жұмысқа полиция қызметкерлері де қатысты. Мамандар білім беру нысандарындағы бейнебақылау камераларының, дабыл жүйелері мен күзеттің бар-жоғын және жарамдылығын тексерді. Сонымен қатар мектеп аумақтары мен білім ошақтарына жақын орналасқан жолдардың жағдайына назар аударды.



