Мас күйде көлік тізгіндегендер 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылады
Мас күйде көлік тізгіндегендер 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылады. Елімізде әкімшілік кодекске бірқатар түзетулер еңгізілді. Биліктегілер заңды күшейтіп, жол көлік оқиғасын азайтуды көздеп отыр. Себебі соңғы жылдары тас жолда көз жұматындар қатары көбейген. Қабылданған құжатта мопед жүргізушілеріне де қойылатын талаптар бар.