Мәжіліс газбен жабдықтау жүйесінің жаңа тетіктерін қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс газбен жабдықтау жүйесінің жаңа тетіктерін қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат авторларының пікірінше, елдің әр өңірінде табиғи газды ай сайын тұтынудың өз нормасы белгіленуі тиіс. Ал бекітілген мөлшерден артық пайдаланғандар қосымша ақы төлейтін болады. Сонымен қатар заң жобасында деректерді қашықтан жіберетін «ақылды» есептегіштерді кезең-кезеңімен енгізу ұсынылған. Бұл жаңашылдық бақылаушылардың жұмысын жеңілдетіп, тұтыну көлемін нақты әрі ашық есептеуге мүмкіндік береді.





