Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы келе жатыр
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы келе жатыр. Күн мен түң теңеліп, жер жүзі жаңаратын бұл уақытты қазақ халқы ерекше күтеді. Биыл мерекелік іс-шаралар легі 14 наурызда басталмақ. Қостанай қаласында ақ шаңырақ киіз үйлер тігіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама әзірленбек.





