Лисаковск оқушыларын қала кәсіпорындарымен таныстыру жұмыстары жүргізілуде
Лисаковск оқушыларын қала кәсіпорындарымен таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Ерте кәсіби бағдарлау барлық оқу орындарында жүйелі түрде өтеді. Бұл бастама, ең алдымен, қол еңбек мамандықтарын насихаттауға бағытталған. Сондықтан балалар алдымен жергілікті техникалық колледжмен танысады, содан кейін ғана өндіріс орындарын аралайды. Жақында оқушылар стратегиялық маңызды нысан – Лисаков жылу орталығына экскурсияға барды.