Лисаков маңындағы Октябрьский кентінде де күніне 50-ге жуық адамды қабылдауға арналған жаңа амбулатория ашылады
Лисаков маңындағы Октябрьский кентінде де күніне 50-ге жуық адамды қабылдауға арналған жаңа амбулатория ашылады. Нысан өткен жылдың соңында пайдалануға берілуі керек еді, бірақ құрылыс ұзаққа созылып,енді тамыз айының соңына дейін пациенттерге есігін айқара ашады деп күтілуде. Ал Лисаковтің өзінде абаттандырумен белсенді айналысады. Аулаларды ретке келтіріп, автотұрақтарды кеңейтуде. Жұмыс барысын Лисаковке жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Құмар Ақсақалов бағалады.