26.02.2026 09:57
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Лисаков қаласының тағдыры талқыға түсті

  • 26 февраля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Лисаков қаласының тағдыры талқыға түсті. Нақтырақ айтсақ, шаһардың тыныс-тіршілігін тікелей қамтамасыз етіп отырған «Лисаковгоркоммунэнерго» кәсіпорны жекешелендіру тізіміне ілікті. Үкімет қаулысымен стратегиялық нысан 2030 жылға дейін бәсекелестік ортаға берілуі тиіс. Алайда, қала билігі мен кәсіпорын басшылығы бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы. Олардың уәжі салмақты: мемлекеттік жаңғыртуға жұмсалған миллиардтаған инвестиция зая кетіп, тарифтер бақылаудан шығуы мүмкін. Ең бастысы — қауіпсіздік мәселесі. Стратегиялық нысанды жеке қолға берудің арты неге соқтыруы мүмкін?