Лисаков қаласында кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы қалалық спартакиада қыза түсті
Лисаков қаласында кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы қалалық спартакиада қыза түсті. Кезекті кезең – волейбол бәсекесі. Бұл жолы кеңсе қызметкерлері жұмыс орнын спорт залға ауыстырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Биыл жарыс бағдарламасы кеңейіп, қатысушылар қатары да артқан.



