Лисаков қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асырылып келеді
Лисаков қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асырылып келеді. Биыл тұрғындардан бес ұсыныс түсті, ол- аулаларды абаттандырудан бастап, жаңа қоғамдық орталар құруға дейін. Сараптамалық бағалаудан кейін жобалар дауыс беруге шығарылады, ал жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған. Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 36 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.





