Лисаков қаласында бодибилдингтен Қостанай облысының ашық чемпионаты өтті
Кез-келген сайыс мықты дайындықты, төзімділік пен күш-жігерді талап ететін сын. Лисаков қаласында бодибилдингтен Қостанай облысының ашық чемпионаты өтті. Жарысқа 50-ге жуық атлет қатысып, 19 санат бойынша бақ сынады. Абсолюттік номинацияларда топ жарған жеңімпаздарға жалпы сомасы 1 миллион теңге болатын жүлде қоры дайындалды.



