Лисаков қаласында баскетболдан қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының финалдық ойындары аяқталды
Лисаков қаласында баскетболдан қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының финалдық ойындары аяқталды. Шешуші матчта Денисов ауданы мен Қарабалық ауданының командалары кездесіп, алтынды сарапқа салды. Естеріңізге салсақ, турнир 4 наурыз күні басталып, оған Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан 14 команда қатысты. Облыс намысын республикалық біріншілікте кім қорғайды?





