Лисаков қаласында қала күнін мерекелеуге дайындық қызу жүріп жатыр
Лисаков қаласында қала күнін мерекелеуге дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл шаһар өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы атаулы датаға орай қалада бизнес өкілдерінің қолдауымен бірнеше әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Лисаков қалалық музейінің қасбетіне салынып жатқан ауқымды мурал.




