03.04.2026 09:24
Қазақ Қазақ
USD 472.31
EUR 543.72
RUB 5.86
Жаңалықтар

Лисаков қаласын абаттандыру бойынша қандай жобалар алдымен іске асатынын тұрғындар өздері шешуде

  • 3 апреля, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Лисаков қаласын абаттандыру бойынша қандай жобалар алдымен іске асатынын тұрғындар өздері шешуде. Қалада «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында дауыс беру жүріп жатыр. Тұрғындарға 6 бастама ұсынылды. Олардың қатарында балалар ойын және спорт алаңдары, жылы аялдама орнату және аулаларды абаттандыру жобалары бар. Өзге жобаны онлайн форматта қолдауға болады. Дауыс беру қорытындысы сәуір айының соңында жарияланбақ, ал мақұлданған идеялар келер жылы жүзеге асырылады.