Лисаков қалалық жағажайын қайта жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Лисаков қалалық жағажайын қайта жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағажай айналасында демалушыларға барлық жағдай жасау көзделген. Оған, жергілікті бюджеттен 61 млн теңге бөлініп отыр. Қазір мұнда демалуға арналған орын, балалар және спорт алаңы пайда болды. Қалалық жағажай қандай кейіпке енбек? Тілшіміз анықтап қайтты.