Лисаков қалалық ауруханасына заманауи медициналық техника орнатылды
Лисаков қалалық ауруханасына заманауи медициналық техника орнатылды. Бұл құрылғы эндоскопиялық технологияларды пайдалану арқылы түрлі диагностикалық және емдік процедураларды жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша хирургиялық араласу қажеттілігін болдырмайды. Жобаны қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта аурухананың арнайы дайындықтан өткен мамандары жаңа жабдықты өз тәжірибесінде белсенді түрде қолданып келеді.



