Костанай қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы биыл да тұрғындардың жоғары белсенділігімен жүзеге асуда
Костанай қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы биыл да тұрғындардың жоғары белсенділігімен жүзеге асуда. Бағдарлама қоғамдық кеңістіктерді жақсартумен қатар, азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді құралына айналды. Биыл қатысушылардан 57 өтініш түсіп, оның 30-ы іске асыруға қабылданды. Бұл сан— өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.



