Коммуналдық төлемдерге берешек 1 млрд теңгеге жуықтады
Коммуналдық төлемдерге берешек 1 млрд теңгеге жуықтады. Қостанай облысында электр энергиясына, жылуға, көгілдір отынға және суық суға қарыз соммасы қарқынды ұлғайып келеді. Небәрі, соңғы 10 айда төлемдер 35 миллион теңгеге артқан. Сомманың басым бөлігі заңды тұлғаларға, яғни, кішілі-үлкен компаниялар мен ұйымдарға тиесілі. Борышкерлерден қарызды қайтару механизімдері не себепті тиімсіз? Қарыз соммасы тағы ұлғая ма?