«Әкем, анам және мен — туристік отбасы»
«Әкем, анам және мен — туристік отбасы». Осындай атаумен Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында дәстүрлі туристік слет өтті. Бұл жолы ауданның барлық ауылдарынан келген отбасылар Тың игерушілер саябағында бас қосты. Қатысушылар кедергілерді бағындырып, спорттық сайыстарға қатысты, тіпті табиғат аясында ас дайындап көрді.



