Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елде бірқатар медициналық қызметтердің тарифі өседі
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елде бірқатар медициналық қызметтердің тарифі өседі. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, инфекциялық қызмет бойынша тарифтер екі есе, абдоминалдық хирургия — 40%-ға артады. Жаңа өзгерістер ауруханалардың дебиторлық берешегін азайтып, тегін қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.



