23.02.2026 09:46
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Картоп бағасы өткен жылғыдай шарықтамайды

  • 23 февраля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Картоп бағасы өткен жылғыдай шарықтамайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Үкімет қабырғасында өткен брифингте мәлімдеді. Азат Сұлтанов жыл басынан бері көкөніс бағасының өсімі небәрі 0,6 пайызды құрағанын атап өтті. Вице-министірдің сөзінше, маусымаралық кезеңде картоптың бір келісі ең көбі 200 теңге шамасында болады. Өнім құнының тұрақты болатынын жергілікті бақша өсірушілер де растап отыр. Бағбандардың айтуынша, биыл өнім көлемі мол болғандықтан, нарықта тапшылық болмай, баға тұрақты деңгейде қалады.