Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында шамамен 150 қостанайлық азамат әскери қызметшілер қатарын толықтыруы тиіс
Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында шамамен 150 қостанайлық азамат әскери қызметшілер қатарын толықтыруы тиіс. Жастарға электронды шақыру қағаздары жіберіледі, оларды елемей қою мүмкін емес. Ал Қорғаныс істері жөніндегі басқарма биылдан бастап қазақстандық сарбаздардың казармада смартфондарды бұрынғыдан жиірек әрі ұзақ уақыт пайдаланып, жақындарымен байланыста бола алатынын еске салды.



