Көпбалалы отбасыларға беріліп келген балабақшадағы тегін тамақ енді бәріне бірдей қолжетімді емес
Көпбалалы отбасыларға беріліп келген балабақшадағы тегін тамақ енді бәріне бірдей қолжетімді емес. Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеңілдік тек табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға ғана қарастырылған. Ал кімдер қолдаудан тыс қалды? Табыс күнкөріс деңгейінен сәл ғана асса, жеңілдіктен айырылу әділ ме? Биліктің уәжі мен ата-ананың жанайқайын тілшіміз баяндасын.



