Энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянын білесіз бе?
Энергетикалық сусындардың адам ағзасына зиянын білесіз бе? Дәрігерлердің сөзінше, түрлі-түсті құтыдағы жылтыраған сусынды тұтынатындардың басым бөлігі — жастар. Адамға күні бойына қуат пен сергек сыйлайтын тәтті сусындарды ұдайы қолдану ауыр дертке әкелу мүмкін. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Ал былтырдан бері елімізде 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды.



