Үйде ол аяулы ана, жұмыста аға инспектор, ал бос уақытында скрипкашы
Үйде ол аяулы ана, жұмыста аға инспектор, ал бос уақытында скрипкашы. Қостанайда бірден екі мамандықты қатар алып жүрген нәзік жан бар. Полиция капитаны Махаббат Хусаинова таңертең қызметтік киімін киіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосса, кешкі уақытта оркестр құрамында өнер көрсетіп, тыңдарманның жүрегіне әсем әуен сыйлайды. Оның күнделікті өмірі тәртіп пен шығармашылықтың үйлесімінен тұрады.





