Іздеуде болған азаматтың Қазақстанға экстрадицияланғанын
Бас прокуратура қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырып, оған жетекшілік етті деген күдікпен іздеуде болған азаматтың Қазақстанға экстрадицияланғанын хабарлады. Тергеу мәліметінше, ол интернет арқылы синтетикалық есірткіні еліміздің аумағында таратып, қылмыстық әрекеттен шамамен 3 миллиард теңгеге жуық заңсыз табыс тапқан. Қылмыс әшкереленгеннен кейін топтың бірқатар мүшесі сотталды. Ал ұйымдастырушысы шетелге қашып, халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Өткен жылдың желтоқсанында ол Польша аумағында ұсталып, енді Қазақстанға жеткізілді.



