Иттердің көмегімен мыңға жуық қылмыс ашылды
Иттердің көмегімен мыңға жуық қылмыс ашылды. Қостанайлық кинологтар төртаяқтылармен атқарылатын қызметтерді күшейтіп келеді. Құзырлы орган өкілдері оларды түрлі санаттағы қылмыстық операцияларға қатыстырып, қару-жарақтарды, жарылғыш заттар мен есірткілерді іздестіруге жұмылдырады. Мәселен, жуырда қызметтік иттердің көмегімен жүзден аса есірткі дозасы табылды.