Ішкі істер министрлігі академиясының тыңдаушылары үшін арнайы практикалық сабақ ұйымдастырылды
Полиция — тек заң күзетшісі ғана емес, қиын сәтте араша түсетін алғашқы көмекші. Оқиға орнына жедел жәрдемнен бұрын жетіп, ажалмен алысқан жанға демеу болу — бүгінгі тәртіп сақшысына қойылатын басты талаптардың бірі. Осы орайда, Ішкі істер министрлігі академиясының тыңдаушылары үшін арнайы практикалық сабақ ұйымдастырылды. Болашақ офицерлер қан кетуді тоқтату мен жүрек-өкпе реанимациясын жасауды кәсіби дәрігерлермен бірге пысықтады.



