Өңірде жол апатынан көз жұматындар қатары көбейіп барады
Өңірде жол апатынан көз жұматындар қатары көбейіп барады. Жыл басынан қалааралық тас жолдарда 109 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 34 адам көз жұмды. Тағы 182 азамат түрлі дене жарақаттарынан ауруханаға түсті. Қайғылы апаттардың көбейуіне байланысты облыстық полиция өкілдері түрлі шараларды қолға алып жатыр. Оның бірі бүгін ерекше перфоманс түрінде өтті. Тәртіп сақшылар қала сыртында жол-көлік апатын демонстрациялап, сапарға аттанған жүргізушілерге жадынамалар мен ауыз су таратты.



