Өңірде қызылша дертінің беті қайтып келеді
Өңірде қызылша дертінің беті қайтып келеді. Дәрігерлер мұны екпе алушылардың көбеюімен және халық арасындағы түсіндіру жұмыстарының нәтижесімен байланыстырады. Қазір аймақта «Еуропалық иммундау апталығы» өтуде. Науқан аясында ата-аналар вакцинация туралы толық ақпарат алып, мамандардан кеңес ала алады. Ақ халаттылардың айтуынша, ұжымдық иммунитет қалыптастыру – індетті тоқтатудың жалғыз жолы.



