Өңірде ыстық ауа райы орнаған мамыр айының соңынан бері Қостанай облысында 9 адам суға батып кетті
Өңірде ыстық ауа райы орнаған мамыр айының соңынан бері Қостанай облысында 9 адам суға батып кетті, олардың төртеуі — кәмелетке толмағандар. Соңғы екі жағдай өткен аптада орын алды. Бір күннің ішінде Қостанай қаласында ер адам мен жасөспірім суға кеткен. Екі оқиға да шомылуға тыйым салынған орындарда болған. Осы қайғылы жағдайлар және басқа да мәселелер бүгін облыс әкімі қатысқан кеңесте талқыланды.




