18.02.2026 09:56
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Өңірде тұрмыстық зорлық зомбылық саны азайып келеді

  • 18 февраля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Өңірде тұрмыстық зорлық зомбылық саны азайып келеді. Егер өткен жылы осы уақытта Дағдарыс орталықтарына 18 адам орналастырылса, биыл көмек сұрап келген қыз-келіншектердің саны 11-ге дейін қысқарған. Дегенмен, зорлық-зомбылық деректері азайғанымен, тұрғындардан түсетін хабарламалар саны әлі де жоғары деңгейде. Соңғы екі айдың өзінде полиция қызметкерлеріне отбасындағы жанжалдарға қатысты 700-ге жуық қоңырау келіп түскен. Бүгін облыс орталығында аталған тақырып аясында мазмұнды жиын өтті. Басқосуда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жан-жақты көмек көрсету тетіктері талқыланып, агрессорлармен психологиялық жұмыстар жүргізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.