Өңірде тұрғын-үй құрылысының қарқыны үдеп келеді
Өңірде тұрғын-үй құрылысының қарқыны үдеп келеді. Тек өткен жылы облыста 500 мың шаршы метр тұрғын-үй салынып, 5 мың отбасы баспаналы болды. Бұндай нәтижеге қол жеткізу үшін қалың бұқара үкіметтін ұсынып отырған тиімді бағдарламаларын сәтті қолданған. Жеңілдетілген пайызбен пәтерлер ұсыну үрдісі биыл да жалғаспақ. Бұл үшін әкімдік «Қостанай жастары» бағдарламасына қаражат та бөліп қойған. Ағымдағы жылы әлеуметтік осал топтағы жандар да назардан тыс қалмайды. Баспанға мұқтаж тұрғындар үшін мыңға жуық жалдамалы пәтер сатып алу көзделіп отыр.