Өңірде өрт қаупі жоғары кезең бастау алды
Орманда кәуәп пісіріп демаламын деп, айыппұл арқалап қалмаңыз. Өңірде өрт қаупі жоғары кезең бастау алды. Осыған орай, орманшылар жасыл желектерге бақылауды күшейтіп, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға баса назар аударуда. Науқан аясында төтеншеліктер саяжай алаптарын да жіті бақылауға алады. Сақтық шаралары бекер емес, жыл басынан бері өз ауласында қоқыс өртеп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 15 тұрғынға жалпы сомасы 200 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Ормандағы қауіпсіздік талаптары мен отты пайдалану ережелері бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте кеңінен талқыланды.



