Өңірде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар cаны азайып келеді
Өңірде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар cаны азайып келеді. Ресми деректерге сүйенсек, биыл көмек сұрап хабарласқан азаматтар, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1900-ге кеміген. Ал, қазан айында Қостанай қаласында 30 төсек-орынға арналған жаңа дағдарыс орталығы өз есігін ашты. Бұл өңірдегі үшінші осындай мекеме. Жаңа орталық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге тәулік бойы қабылдау жүргізеді және қауіпсіз орынмен қамтамасыз етеді.



