Өңірде онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар саны артып келеді
Өңірде онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастар саны артып келеді. Тек өткен жылдың өзінде облыс бойынша 2700-ге жуық жаңа жағдай тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар арасында ең жиі анықталатыны – тоқ ішек обыры. Мамандар бұл дұрыс тамақтанбау мен семіздіктіің салдары деп отыр. Тағы бір өзекті мәселе, азаматтардың скрингтік тексерулерге бей-жай қарауы. Соның салдарынан ауруханалрға көбіне ауруы асқынған азаматтар жүгінетін көрінеді. Онкологиялық ауруларды ерте анықтаудын маңызы қандай?





