Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр
Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖД зардап шеккен адамдарды уақытша қабылдайтын 111 пунктті жасақтады. Онда 12 мыңнан астам адам қауіпті кезеңде тұра алады. Азық-түлік, төсек-орынмен толықтай жабдықталған. Қызыл суға төтеп беру мақсатында 170 мың тонна инертті материал әзірленді. Барлық елді-мекендерден қар шығарылып жатыр.



