18.04.2025 09:22
Қазақ Қазақ
USD 523.2
EUR 594.3
RUB 6.38
Жаңалықтар

Өңірде биыл 6 бірдей темір жол вокзалы жаңартылады

  • 18 апреля, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 2

Өңірде биыл 6 бірдей темір жол вокзалы жаңартылады. Реконструкцияға Қостанай, Рудный, Арқалық, Тобол, Аманқарағай және Құсмұрын станциялары кіріп отыр. Ауқымды жұмыстар барысында нысандардың қасбеті жаңарып, ғимараттың іші әрленеді. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін жүріп-тұруы үшін жағдай жасалмақ. Бүгін Рудный қаласының темір жол вокзалында жұмыстар басталып кетті. Барлық 6 станция жыл соңына дейін жаңартылуы керек.