Өңірде 30 сарбаз ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарында тегін білім алып жүр
Өңірде 30 сарбаз ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орындарында тегін білім алып жүр. Бұл мүмкіндік әскери борышын абыроймен атқарған азаматтарға белгілі бір мамандықты игеру үшін берілген. Айта кетейік, елімізде мерзімді әскери қызметін өтеп келген сарбаздарға 2023 жылдан бастап білім беру гранттары қарастырылған. Оны алу үшін әскери қызметші бөлім командирлерінен жоғары баға алып, ерекшеленуі тиіс. Кейін арнайы жүйе нәтижелерді есептеп, тегін білім алу сертификатын беру жайында шешім шығарады. Сарбаздарға білім гранттарымен қандай оқу орындарына түсуге болады? Әскери борышын өтеп келгендерге тағы қандай жеңілдіктер бар?



