Интернет-алаяқтарының айла-амалдарына, тіпті олардың әрекеттері туралы хабардар болған адамдар да түсіп жатады
Интернет-алаяқтарының айла-амалдарына, тіпті олардың әрекеттері туралы хабардар болған адамдар да түсіп жатады. Осыған орай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шеккен азаматтармен жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде, осындай қорытындыға келген. Осы мәселеге байланысты Қостанай прокуратурасы алаяқтарға қарсы күрестің жаңа әдістерін әзірлеуде. Мәселен, прокуратура өкілдері банктерге жедел түрде несиелік өтініш жасаған азаматтарға қаржы берер алдында «күту уақытын созу» туралы ұсыныс жолдады.