24.08.2026 14:44
Қазақ Қазақ
USD 456.88
EUR 534.64
RUB 5.47
Жаңалықтар

Интернет-алаяқтардың сыбайластары жаппай темір торға тоғытылып жатыр

  • 1 июля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 6

Интернет-алаяқтардың сыбайластары жаппай темір торға тоғытылып жатыр. Бас прокуратура қылмыстық схеманың негізгі буыны – «дропперлер» екенін мәлімдеді. Бұл – белгілі бір сыйақы үшін алаяқтарға өз картасын беріп, ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектесетін делдалдар. Тек соңғы бес айда олардың кесірінен халық 400 миллион теңгесінен айырылған. Қазірдің өзінде 200-ден астам отандасымыз сотталды, арасында студенттер де бар.