«Грин» Азаматтық альянсы дәстүрлі түрде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жылдың соңында қорытындылайды
«Грин» Азаматтық альянсы дәстүрлі түрде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жылдың соңында қорытындылайды. Аталған шара биыл жалғасын тауып, бүгін Қостанай облысының үкіметтік емес он үздік ұйымы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кетейік, үкіметтік емес ұйымдар, экология, жануарларды қорғау, жоғалған адамдарды іздеу және тағы да басқа салаларда қызмет атқарады. Шараға қатысып қайтқан әріптесім толығырақ тарқатсын.