Есірткіге байланысты қылмыс көбейді
Есірткіге байланысты қылмыс көбейді. Қостанай қаласында бүгін «Жастар. Жігер. Болашақ» атты есірткіге қарсы бағытталған ауқымды форум өтті. Іс шарада нашақорлыққа, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдар және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Форум аясында көрме де өткізілді. Онда арнайы техника үлгілері, криминалистикалық зертхана, әскери қарулар және басқа да жәдігерлер қойылады. Оны тамашалап қайтуға қаланың жоғары оқу орындары мен мектептерінен 1000-нан астам студент пен оқушы келді.