Есірткі жарнамасын жоюға қатысты тұрғындардан жыл басынан бері 70 өтініш келіп түскен
Есірткі жарнамасын жоюға қатысты тұрғындардан жыл басынан бері 70 өтініш келіп түскен. Белгісіз азаматтар камера назарынан тыс аумақтарды таңдап, түнгі уақытта есірткі сататын Telegram сайттарының атауларын жазып кеткен. Бұл жазуларды өшіру үшін бүгін еріктілер жұмылдырылды. Олар 3-4 ауданды аралап шығып, тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жазуларды арнайы бояумен өшірді.