Есірткі заттарын заңсыз айналымға енгізумен байланысты қылмыстар үшін, биыл Қостанай облысында 140-тан астам адам ұсталды
Есірткі заттарын заңсыз айналымға енгізумен байланысты қылмыстар үшін, биыл Қостанай облысында 140-тан астам адам ұсталды. Оның үштен бірі есірткі сату фактісімен жауапқа тартылған, соның ішінде бір кәмелетке толмаған жасөспірім бар.
Есірткі қылмыстарына қарсы күрес мәселелері жақында құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Облыстық прокуратура өкілдері осы тақырып бойынша толығырақ мәлімет берді.