Енді біреудің соңына түсіп, мазасын алғандар Қылмыстық кодекстің 115-ші бабымен жауапқа тартылады
Енді біреудің соңына түсіп, мазасын алғандар Қылмыстық кодекстің 115-ші бабымен жауапқа тартылады. Ішкі істер министрлігі бұл бағытта ауқымды жұмыс бастады. Жаза жеңіл емес: ірі көлемдегі айыппұлдан бастап, 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Тіпті, бұл әрекеттер ауыр қылмысқа ұласса, темір тордың арғы жағынан бір-ақ шығуы мүмкін.



