Енді алаяқтар жасанды интеллектіні пайдалана бастады
Енді алаяқтар жасанды интеллектіні пайдалана бастады. Бұл туралы Ішкі Істер министрілігі ескертеді. Ведомстваның мәлімдеуінше, киберқылмыскерлер ЖИ көмегімен банктер мен құқық қорғау органдарының бейнесін, дауысын айнытпай салып, азаматтарды сан соқтырып жатыр. Мамандар қаржы ұйымдары мен полиция өкілдерінің іс жүзінде қалай әрекет ететінін және қылмыстық әрекеттерді қандай белгілер арқылы тануға болатынын еске салды.



