Еліміздің бірнеше өңірінде қылмыстық топтардың жолы кесілді
Еліміздің бірнеше өңірінде қылмыстық топтардың жолы кесілді. Ішкі істер министрлігі ауыр қылмыстардың алдын алып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауқымды операция жүргізді. Жедел іс-шаралардың қорытындысы бойынша 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленіп, сонымен қатар 77 миллион теңгеден астам қаражатты жымқыру әрекетіне тосқауыл қойылды.



